Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы балалармен жолдастық матч өткізді

1090

Еліміздегі Балалар жылына орай футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары мен жас спортшылар мерекелік матчқа қатысты.

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы балалармен жолдастық матч өткізді

1 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласы, Жақсылық Үшкемпіров атындағы "Жекпе-жек" сарайында елімізде тұңғыш рет Балалар жылына орай Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері және жас спортшылар "Достық матчын" өткізді. Бұл туралы Қазақстан Футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. Еліміздің әр аймағынан іріктелген 2010 жылғы үздік жас спортшылар Әлем чемпионатының төртінші орын иегерлері, Еуропа чемпионатының қола жүлде иегерлері Рикардо Кака шәкірттеріне қарсы ойнады.

Мерекелік матчқа  Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев және Ұлттық құрама сапынан Рикардо Кака, Асқар Әбілдаев, Лео Игита, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Шыңғыс Есенаманов, Альберт Ақбалықов, Эдсон қатысты.

Мерекелік іс-шараға қатысқан командаларға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің кубогы, медальдарымен және дипломдарымен марапатталып, жас спортшыларға бағалы сыйлықтар берілді.

Елімізде футзалды дамытуда үлкен үлкес қосқаны үшін Қазақстан құрамасына ҚР мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың атынан алғыс хат табыс етілді. Сонымен қатар Ұлттық құраманың ойыншысы Біржан Оразовқа "Еуро-2022 үздік шабуылшысы" жүлдесі сыйға берілді.

Ойын 8:8 есебімен тең аяқталды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу