Ғабит Расулхан дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

164

Спортшымыз 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесті.

Ғабит Расулхан дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы

Қазақстандық дзюдошы Ғабит Расулхан Эквадордың Гуаякиль қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен ол финалда Канада спортшысы Роман Семирозумды жеңді. Сондай-ақ, финалға дейін Алжир, Түркия, Украина, Жапония дзюдошыларын жарыс жолынан шығарды.

Сонымен қатар, ел қоржынына Әділжан Нұрбекен (-50 кг) мен Адия Жанахмет (-40 кг) - күміс, Бекарыс Құдайберген (-50 кг) мен Ахмет Баубек (-60 кг) қола жүлдені салды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы жарыстың алғашқы күнінде-ақ 1 алтын, 2 күміс және 2 қола жүлде жеңіп алып, медаль кестесінде көш бастады.

Айта кетейік, 23 тамызға дейін жалғасатын әлем біріншілігіне 59 елден 457 жас татами шебері қатысып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу