Ғалым Мәмбеталиев: "Ең бастысы бізге жанкүйерлер сенім артады"

640

Бүгін, 14 мамырда Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Чехия құрамасымен кездеседі.

Ғалым Мәмбеталиев: "Ең бастысы бізге жанкүйерлер сенім артады"

Шайбалы хоккейден әлем чемпионатының алғашқы ойынында Қазақстан құрамасы Норвегияны жеңді. Хоккейшілеріміз ойын барысында 0:2 және 1:3 есебімен жеңіліп жатқанымен, буллит сериясында қарсыластан мықтырақ болды. Осы орайда хоккейден Қазақстан құрамасының бас бапкері Ғалым Мәмбеталиев Норвегияға қарсы өткен соңғы ойынға қатысты пікір білдірді.

- Норвегиялықтар әрқашан белсенді ойнайды, олар конькиді жақсы тебеді және жақсы қозғалады. сондықтан олардың ойындарын талқылап, командаға ескерту жасадық. Ең бастысы, жігіттер жеңіске жететіндеріне өздері сенді. "Номадта" бізбен бірге болған жігіттер де бұған сенімді болды. Ең бастысы, олар одан әрі өсуді қалайды. Тіпті 1:3 есебімен жеңіліс туралы ойлаған жоқпыз. Соңына дейін ойнайтынымызды білдік және табысқа жететінімізге сендік. Мүмкіндік ылғи болады және соңына дейін ойнаған жеңеді.

Толқыныс сезімі мүлде болған жоқ. Бір күн бұрын Ресей және Беларусь құрамаларымен матчтарда гол соға алмағанымыз әсер етті. Гол соқтық. Жігіттерге қатты бейімделудің қажеті жоқ еді. Тек оларды дұрыс, тәртіпті ойнауға бағыттау керек болды.

– Екінші кезеңнен кейінгі үзілісте жігіттер не айтты?

- Ештеңе етпейді біз ойнаймыз және егер біз талап етілген нәрсені жасасаңдар, бұл ойында жеңіске жетеміз. Дұрыс ойнау керек, шайбаны ешқайда лақтырмай, "біздің" хоккейді ойнау керек.

- Әлихан Әсетовтың жарақаты қаншалықты ауыр?

- Әлиханның оң қолы сынды. Турнир аяқталмай жатып жарақат алды. Әрине, өкінішті. Бізде көбірек ойыншылар бар. Абай Маңғысбаев ауырып жатыр. Дегенмен жақын арада қатарға қосылады деп сенемін.

- Жанкүйерлердің қолдауын сезіндіңіз бе?

- О, тамаша! Тіпті есеп 1:3 болғанына қарамастан жанкүйерлер керемет қолдау көрсетті. Ең бастысы бізге сенім артады.

Ригада өтіп жатқан хоккейден әлем чемпионатында бірден сегіз ойыншы Қазақстан құрамасының сапында алғашқы ойынын өткізді. Ересектер деңгейінде әлем чемпионатында алғаш рет Максим Мұхаметов, Батырлан Мұратов (екеуі де – 1999 жылы туған), Темірлан Гайтамиров (2000 жылы туған), Максим Мусоров, Артем Королев, Әлихан Өмірбеков, Даниил Бутенко (барлығы – 2001 ж.т.), Дінмұхамед Қайыржан (2003 ж.т.) әлем чемпионатында айдынға шықты. Бұған дейін бұл ойыншылар ұлттық құраманың жасөспірімдер құрамаларында ғана өнер көрсеткен. Ал Кирилл Полохов үшін бұл әлем біріншілігі оның мансабындағы жоғарғы дивизиондағы біріншісі болды. Қорғаушы бұған дейін бірінші дивизионның А тобында ойнаған болатын.

Айта кетейік, Чехия - Қазақстан матчының тікелей көрсетілімі Астана уақытымен 23:20-да басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу