Ғалымдар ерекше планеталарды анықтады

390

Планеталардың нақты химиялық құрамын анықтау үшін қосымша зерттеулер қажет.  

Ғалымдар ерекше планеталарды анықтады Фото: DW

Астрономдар Юпитерден үлкен, бірақ тығыздығы өте төмен екі ерекше ғаламшарды анықтады. Оларға "тым үлпілдек" планеталар деген атау берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW-ға сілтеме жасап. 

Бұл екі планета Жерден 1000 жарық жылынан астам қашықтықта орналасқан. Олар осы уақытқа дейін табылған ең ірі әрі ең жеңіл ғаламшарлардың қатарына жатады. Бұл туралы зерттеуді жүргізген Оксфорд университетінің ғалымы Джордж Дрансфилд айтты.

Ғалымдардың болжамынша, планеталардың түсі ақ немесе көгілдір болуы мүмкін. Негізгі құрамын сутегі мен гелий құрайды. Дегенмен олардың нақты химиялық құрамын анықтау үшін қосымша зерттеулерді қажет етеді. Мұндай ерекше ғаламшалар өте сирек кездеседі. Бүгінде NASA тіркеген 6300-ден астам экзопланетаның арасынан олардың 40-қа жуығы ғана анықталған.

Зерттеу нәтижелері Monthly Notices of the Royal Astronomical Society журналында жарияланды.

"Сирек кездесетін осындай планеталық жүйелерді зерттеу ғаламшарлардың қалай пайда болатынын жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар ғаламдағы орнымыз туралы білімімізді толықтыра түседі", – деді Джордж Дрансфилд.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу