Ғалымжан Балабек жүзуден Қазақстан рекордын жаңартты

202

Спортшы 400 метрге еркін әдіспен жүзуде 12-орын алды.  

Ғалымжан Балабек жүзуден Қазақстан рекордын жаңартты Фото: olympic.kz

Қазақстандық спортшы Ташкентте өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде 400 метрге еркін әдіспен жүзуде 3:47.13 уақыт көрсетіп, 12-орынға ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осы нәтижесімен ол Қазақстан рекордын жаңартты.

Бұл қашықтықта АҚШ өкілі Карсен Фостер 3:37.39 нәтижесімен алтын медаль жеңіп алды. Бельгиялық Лукас Пьер А. Энво 3:37.74 уақытпен күміс жүлдеге ие болса, Оңтүстік Африка Республикасының спортшысы Мэттью Колдуэлл 3:40.95 нәтижесімен үздік үштікті түйіндеді.

Әлем кубогының кезеңі 10 қазанға дейін жалғасады. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу