Газа секторында табиғи апат тіркелді

Бұл жайт палестиналықтардың жағдайын едәуір нашарлатып отыр.

Газа секторында табиғи апат тіркелді Фото: euronews.com

Екі күнге созылған құмды дауыл мыңдаған отбасы тұратын тозығы жеткен шатырларды зақымдаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Anadolu-ға сілтеме жасап.

Палестиналық WAFA ақпарат агенттігі қою шаң мен аспанға көтерілген құм бүкіл анклавты басып қалғанын жазады. Уақытша шатырлы лагерьлерде тұратындар қатты зардап шеккен. 

Дереккөздің хабарлауынша, респираторлық дертке шалдыққан палестиналықтар да қиын кезеңді бастан кешіріп жатыр. Олар қатты жел мен шаңның әсерінен далада немесе бұзылған шатырларда тұруға мәжбүр. Құмды дауыл ауыр жағдайда өмір сүріп жатқан отбасылардың жағдайын одан әрі күйретуде. Бұл жағдайға созылмалы өкпе ауруымен ауыратындар алаңдайды. 

Бұрын Израильдің шабуылдарына төтеп берген палестиналықтар үшін азық-түлік, дәрі-дәрмек және басқа да қажетті заттардың тапшылығы әлі де күн тәртібінде тұр. Күн райының салқындығы мен қолайсыз климаттық жағдайлар халықтың тұрмысын жүдетіп жіберген. 

Еске салайық, ХАМАС-тың Газа секторындағы өкілі Хазем Қасем "Израильді қоныс аударған палестиналықтарға қарсы жаңа шабуыл жасады" деп айыптаған. Әрі ол бұл оқиғаны "келісімдерді өрескел бұзу" деді. Оның сөзінше, оқиға Бейбітшілік кеңесінің бірінші отырысына бірнеше күн қалғанда ғана тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу