Газадағы жаппай қантөгіс әлі тоқтаған жоқ – БҰҰ

267

Израиль Газа секторында геноцид сипатындағы әрекеттерін жалғастырып, басып алынған Палестина аумағында адамзатқа қарсы қылмыс жасап жатыр.

Газадағы жаппай қантөгіс әлі тоқтаған жоқ – БҰҰ Фото: AP Photo / Ariel Schalit

Бұл туралы БҰҰ Тәуелсіз халықаралық комиссиясының баяндамасында айтылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Баяндамада айтылғандай, Израиль күштері атысты тоқтату туралы келісім жасалғанына қарамастан, Газада геноцид сипатындағы әрекеттерін әлі де жалғастырып келеді. Палестинаның бейбіт тұрғындары шабуыл нысанасына айналып отыр.

Комиссия 2023 жылғы 7 қазаннан кейін басып алынған Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы жағдайдың кенеттен нашарлап кеткенін атап өтті. Егер 2008 жылдан 2023 жылғы 6 қазанға дейін ондағы әуе соққылары салдарынан алты палестиналық қаза тапқан болса, 2023 жылғы 7 қазаннан 2026 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі аралықта 254 адам қаза тапқан.

Комиссия мәліметінше, 2025 жылдың қаңтар айынан бастап израильдік шабуылдар Батыс жағалаудағы 34 176 палестиналықтың үйлерін тастап, босып кетуіне әкеп соқты. Баяндамада сондай-ақ бейбіт тұрғындарға жүйелі түрде жасалған шабуылдар, азаптаулар, жыныстық зорлық-зомбылықтар мен балаларды өлімге қию оқиғалары туралы айтылған.

Комиссия төрағасы Шринивасан Муралидхардың айтуынша, Израильдің Газа секторындағы бақылау аймағын кеңейтуі Израиль әскері қадағалайтын "сары сызыққа" жақындаған немесе одан өтіп кеткен палестиналықтардың қаза табуына әрі жаралануына әлі де себеп болып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу