Газаға қатысты бейбіт жоспардың екінші кезеңі басталды – Дональд Трамп

326

ХАМАС келісімнің бірінші кезеңінде тірі қалған барлық тұтқынды босатты.

Газаға қатысты бейбіт жоспардың екінші кезеңі басталды – Дональд Трамп Фото: Carlos Barria/Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп Газа секторындағы қақтығысты бейбіт реттеудің екінші кезеңі басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты жазба жариялады.

"Барлық 20 тұтқын оралды, олардың жағдайы жақсы. Қиын кездер артта қалды, бірақ жұмыс әлі біткен жоқ. Қаза болғандардың мәйіттері қайтарылмады, алайда бұл уәде етілген еді. Екінші кезең дәл қазір басталады", – деді Ақ үй басшысы.

8 қазанда Трамп Мысырда өткен келіссөздер нәтижесінде Израиль мен ХАМАС бейбіт келісімнің бірінші кезеңіне келіскенін мәлімдеді. Арада екі күн өткен соң атысты тоқтату режимі күшіне енді. Израиль әскері Газа аумағынан шегініп, ал палестиналықтар үйлеріне орала бастады.

13 қазанда Шарм-эш-Шейх қаласында АҚШ, Мысыр және Түркия басшылары және Қатар әмірі Израиль мен ХАМАС арасындағы соғысты тоқтату туралы келісімге қол қойды. 

Айта кеу керек, бұған дейін Газа халқы бейбіт өмірге бір қадам жақындай түскенін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу