Геннадий Головкин Азия чемпионатына барды

196

Геннадий Головкин Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатына арнайы барды.

Геннадий Головкин Азия чемпионатына барды Фото: olympic.kz

2026 жылғы Азия чемпионаты World Boxing ұйымының қолдауымен ұйымдастырылуда.

Қазақстан құрамасы бұл додаға толық құраммен қатысып, ерлер және әйелдер командаларынан жалпы 20 боксшыны (әрқайсысынан 10 спортшы) аттанды. Сары құрлық бәсекесі 10 сәуірге дейін жалғасады.

Геннадий Головкиннің Ұлан-Батырға баруы маңызды оқиға. Ол Моңғолия бокс федерациясы президентінің арнайы шақыртуымен барған. Бұл жағдай елдегі бокс дамуы үшін ерекше мәнге ие.

Айта кетейік, Моңғолия Азиядағы International Boxing Association құрамынан ресми түрде шығып, World Boxing ұйымына қосылған алғашқы мемлекет.

Осылайша, Геннадий Головкиннің жарысқа келуі тек спорттық емес, сонымен қатар халықаралық бокс ұйымдарының жаңа құрылымын нығайту жолындағы маңызды қадамдардың бірі ретінде бағалануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу