Бұл туралы ой-пікірін Головкин BoxingScene басылымына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Жігіттердің жеңісінен соң рингтегі ескі сезімім қайта оянды" деп қысқа қайырды ол.
Еске салайық, даңқты боксшы 2022 жылдың қыркүйек айынан кейін жұдырықтаспады. Соңғы жекпе-жегінде мексикалық Сауль "Канело" Альвареске есе жіберген-ді.
Осылайша, Геннадий Головкин Англияның Ливерпуль қаласында өткен жаһандық жарыстан соң рингке қайта шығу мүмкіндігін білдіріп отыр.
Журналистің осы тақырып туралы сұрағына:
– Иә, неге шықпасқа? Мұнда өзімнің ескі эмоцияларымды сезіндім, - деп жауап берген.
Десе де, қазіргі күні World Boxing ұйымының Олимпиадалық комиссиясының төрағасы қызметін атқаратын Головкин қарсыласы мен жекпе-жек мерзімі туралы жақ ашпады.
"Бұл – менің құпиям" – деп нақтылаған спортшы.
2 ай бұрын Геннадий Головкин IBA-ға қарсылығын ерекше әдіспен білдірген болатын.