Геннадий Головкин World Boxing ұйымын басқаруы мүмкін

260

Жаңа басшыны сайлау 2 қыркүйекте АҚШ-тың Нью-Дели қаласында өтетін ұйым конгресінде ұйымдастырылады.

Геннадий Головкин World Boxing ұйымын басқаруы мүмкін

Геннадий Головкин World Boxing ұйымының президенті болуға ниетті. Бұл ұйым қазіргі уақытта әлемдік әуесқой бокс саласындағы ықпалды құрылымдардың бірі саналады. Журналист Уәлихан Қосанбай бұл мәліметті Есен Елеукеннің YouTube арнасындағы сұхбат барысында жариялады. Оның айтуынша, Головкин сайлауға кандидат ретінде қатысып, дауыс беру құқығына ие болады.

Қазіргі уақытта World Boxing президенті Нидерланды өкілі Борис ван дер Ворст. Бірақ оның алдағы сайлауға қайта қатысатыны әлі белгісіз.

Айта кету керек, Геннадий Головкин бүгінде 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарындағы бокс турнирін ұйымдастыруға жауапты WB комиссиясының төрағасы қызметін атқарып отыр. Бұл спорттық басқару ісіндегі үлкен сенім мен абыройдың белгісі.

GGG ресми түрде мансабын аяқтағанын әлі хабарлаған жоқ. Соңғы жекпе-жегін ол үш жыл бұрын өткізгенімен, әлі күнге дейін әлемдік аренада үлкен құрметке ие. Оның есімі халықаралық спорт қауымдастығында танымал әрі беделді тұлғалардың қатарында.

Егер Геннадий Головкин World Boxing ұйымының президенті болып сайланса, бұл қазақ спорты үшін тарихи жетістік болары сөзсіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу