Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин бокстан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Виктор Дмитриевтің отбасына көңіл айтты.
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпидалық комитеті ұжымының атынан және жеке өз атымнан орны толмас ауыр қайғыға байланысты шын жүректен көңіл айтамын. Бұл – бүкіл спорт қауымдастығы үшін ғана емес, оның шәкірті ретінде мен үшін де ауыр қаза. Виктор Константинович тек үздік жаттықтырушы ғана емес, нағыз тәлімгер, ұстаз, үлгі болатын жан еді. Оның спортқа деген адалдығы, кәсібилігі және әрбір спортшыға ерекше көзқараспен қарай білуі біздің жадымызда мәңгі сақталады. Ол Қазақстандағы бокстың дамуына өлшеусіз үлес қосып, тұтас бір дарынды спортшылар буынын тәрбиелеп шығарды. Орны толмас ауыр қазаға байланысты шын жүректен көңіл айтамын. Оның жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады. Шын жүректен көңіл білдіруші, Геннадий Головкин", – делінген хабарламада.