Германия АҚШ пен Израильдің жоспарына күмән келтірді

151

Германия канцлері Фридрих Мерц АҚШ пен Израильдің Иран аумағындағы әскери операцияларының тиімділігіне күмән келтірді. Бұл туралы ANEWZ хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Германия АҚШ пен Израильдің жоспарына күмән келтірді Фото: ria.ru

Оның айтуынша, қазіргі әрекеттердің нақты нәтижеге жеткізетініне сенім аз, әрі ұзаққа созылатын дағдарыс қаупі жоғары.

– Мен Израиль мен АҚШ-тың қазіргі қадамдары табысқа жеткізетініне сенімді емеспін. Нақты әрі тұрақты стратегия бар ма, ол қаншалықты тиімді жүзеге асырылып жатыр – бұл да күмән тудырады, – деді Мерц.

Сондай-ақ, екі елдің қақтығысқа барған сайын терең араласып жатқанын атап өтті. Канцлердің пікірінше, жағдайдың жақын арада тұрақталуы екіталай.

– Бұл ұзаққа созылуы мүмкін және айтарлықтай өзгеріс болмауы ықтимал, – деді ол.

Бұдан бөлек, Мерц Иран-дағы билікті әскери жолмен өзгерту мүмкіндігіне де күмән білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу