Матч АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Германия құрамасының сапынан Кай Хаверц дубль жасаса, Феликс Нмеча, Нико Шлоттербек, Жамал Мусиала, Натаниэль Браун және Дениз Ундав бір реттен мергендігімен танылды.
Осылайша, Хьюстондағы NRG Stadium стадионында неміс футболшылары Кюрасао командасының тас-талқанын шығарды.
Е тобының тағы бір матчында Кот-д'Ивуар Эквадор құрамасын 1:0 есебімен жеңді.
Кездесудегі жалғыз гол негізгі уақыттың соңғы минутында соғылды. Алаңға қосалқы құрамнан шыққан Амад Диалло қақпаны дәл көздеп, өз командасының қоржынына 3 ұпай салды.
Матч қауіпті сәттерге толы болды деуге негіз бар. Қос команданың добы жалпы 4 рет қақпа бағанасы мен маңдайшасынан қайтып отыр.
Бұған дейін футболдан әлем чемпионаты туралы қызықты деректерді жариялаған едік.
Одан бөлек, мундиалға 40 жастан асқан футболшылар қатысып жатқанын да жаздық.