Германияда биатлоннан әлем кубогының 4-кезеңі өтеді

476

Аталған жарысқа әлемнің үздік спортшылары қатысып, жүлделер жиынтығын сарапқа салады. 

Германияда биатлоннан әлем кубогының 4-кезеңі өтеді Фото: @atamekenbusiness_sport

5-7 қаңтар аралығында Оберхофте (Германия) биатлоннан әлем кубогының 4-кезеңі өтеді.

Байрақты бәсекеге қатысатын Қазақстан командасының құрамы белгілі. Ерлер арасынан Әсет Дүйсенов, Александр Мухин, Владислав Киреев және Никита Акимов бағын сынап көреді.

Бұрымды спортшылар жарысында ел намысын Полина Егорова, Галина Вишневская-Шепоренко, Анастасия Кондратьева және Арина Крюкова қорғайды.

Алдымен командалар спринттен сынға түседі. Одан кейін із қуалау жарысына қатысатын биатлоншылар соңғы кезеңде командалық эстафетада өзара мықтыны анықтайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу