Германияда Гитлердің "сыңары" сотталды

324

Бұл туралы BILD басылымы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Германияда Гитлердің "сыңары" сотталды Фото: BILD

Германияның Мюнстер қаласының соты "голландиялық Гитлер" деген атпен танылған Нидерландтың 58 жастағы азаматы Стефан Вийкампты 8 айға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Сондай-ақ ол 1000 еуро айыппұл төлеп, сот шығындарын өтеуге міндеттелді. Оған Адольф Гитлер мен нацистік режимді ашық дәріптеп, өшпенділік қоздырды деген айып тағылған.

Оқиға 2025 жылғы 19 шілдеде Мюнстер қаласында әсіре оңшылдардың шеруі кезінде болған. Вийкамп YouTube арнасына берген сұхбатында Гитлерді мадақтап, оны "данышпан" және "теңдессіз әлем кереметі" деп атаған.

Бастапқыда сот оған 3000 еуро айыппұл салған. Алайда Вийкамп бұл шешімге шағымданып, іс қайта қаралған. Сот оның қаржылық жағдайын ескеріп, айыппұл мөлшерін 1000 еуроға дейін төмендеткен.

Прокурордың айтуынша, Вийкамп Гитлерді көпшілік алдында дәріптеу арқылы қоғамдық тәртіпті бұзған. Судья айыптау тарапымен келісіп, сөз бостандығының да шегі бар екенін атап өтті.

Стефан Вийкамп Германия мен Нидерландтағы әсіре оңшыл ұйымдардың іс-шараларына ұзақ жылдар бойы қатысып келген. 2017 жылы ол кейіннен таратылған "Die Rechte" неонацистік партиясының федералдық басшылығының құрамына кірген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу