Германияда зейнет жасын ұлғайту ұсынылды

376

Бұған бірнеше себеп бар.

Германияда зейнет жасын ұлғайту ұсынылды Фото: rossaprimavera.ru

Германияда билік коалициясының құрамына кіретін Христиан-демократиялық одақ (ХДС) жанындағы экономикалық кеңес зейнеткерлік жасты 67 жастан да жоғары деңгейге көтеруді жалғастыруды ұсынып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Зейнеткерлік жасты 67 жастан кейін де кезең-кезеңімен арттыру қажет", – деді кеңестің бас хатшысы Вольфганг Штайгер.

Оның сөзінше, демографиялық өзгерістер мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне түсіп жатқан жүктеменің артуы кезінде зейнетақы жүйесінің құрылымын жаңғыртатын уақыт келді. Штайгер бірнеше елдің тәжірибесін мысалға келтірді.

"Швеция, Дания немесе Нидерланд сияқты елдердің тәжірибесі тұрақты шешімдер әзірлеудің қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Зейнеткерлік жасты 67 жастан жоғары біртіндеп арттыру, зейнетақы қорларын жинақтау аталмыш елдердегі тұрақты зейнетақы жүйесін қалыптастырудың негізі болып саналады", – деді ол.

Германияда зейнеткерлік жасты 65 жастан 67 жасқа дейін кезең-кезеңімен арттыру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл процесс онжылдықтың соңына қарай аяқталады. Бүгінде ел халқы 63 жастан бастап мерзімінен бұрын зейнетке шыға алады. Бірақ, бұл үшін кемінде 35 жыл еңбек өтілі болуы тиіс.

Коалициялық келісімде зейнетақы мөлшерін бұрынғы жалақының 48 пайызы деңгейінде сақтау және 63 жастан зейнетке шығу кепілдігі қарастырылған. Сарапшылар бұл шаралар зейнетақы сақтандыру жүйесіне түсетін жүктемені арттырады деп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу