"Германияны жеңген күн": Парагвай президенті футболшыларын қолдап, ұлттық демалыс күнін жариялады

Ол мұны X әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді.  

"Германияны жеңген күн": Парагвай президенті футболшыларын қолдап, ұлттық демалыс күнін жариялады Фото: asunciontimes.com

Парагвай президенті Сантьяго Пенья тіпті тиісті Жарлыққа қол қойған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Еске салайық, Парагвай Германияны пенальти сериясында жеңіп, тарихи жеңіске жеткен еді.

Осылайша, Сантьяго Пенья ұлттық құраманың 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатындағы сенсациясына орай 30 маусымды ұлттық демалыс күні деп жариялап отыр.

– Парагвай құрамасының Германияны жеңіп, 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалына тарихи жолдама алуына байланысты 30 маусым ұлттық демалыс күні болып жарияланады, – делінген Жарлықта.

Парагвай президенті ұлттық құраманың жейдесін киіп, теледидар алдында Жарлыққа қол қойып отырған фотосын да жария еткен.

– Осындай қуаныш сыйлғандарыңыз үшін және миллиондаған парагвайлықты қайтадан бір тудың астына біріктіргендеріңіз үшін рақмет, – деп жазды ол.

Бұған дейін Парагвай құрамасының әлем чемпионатының 1/16 финалында Германиямен негізгі және қосымша уақытта 1:1 есебімен тең түсіп, пенальти сериясында 4:3 есебімен жеңіске жеткенін жаздық. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу