Ұлттық құрама спортшысы төрт жаттығудың қорытындысы бойынша 116,500 ұпай жинап, екінші орынға ие болды.
Бірінші орынды 117,900 ұпаймен украиналық Таисия Онофрийчук иеленді. Ал Польшаның өкілі Лилиана Левинская 108,250 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады. Сонымен қатар Ерекешева шығыршық, доп, ұршықтар және таспамен орындалатын жаттығулардың финалына жолдама алды.
Айта кетейік, Ақмарал Ерекешева 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Аичи және Нагояда (Жапония) өтетін XX жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсетеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу