Гимнаст Андрей Терман жасөспірімдер Олимпиадасында көпсайыста өнер көрсетті

134

Қазақстандық гимнаст Андрей Терман Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында жекелей көпсайыстың іріктеу кезеңінде бақ сынады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Гимнаст Андрей Терман жасөспірімдер Олимпиадасында көпсайыста өнер көрсетті Фото: olympic.kz

Отандасымыз алты снарядта өнер көрсетіп, 69,199 ұпай жинады. Дегенмен финалға шыға алмады.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының еншісінде екі медаль бар. Дзюдошы Фатима Сұпығалиева алтын медаль иеленсе, Рамазан Әйнегов триатлоннан қола жүлдеге қол жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу