Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілі Эмиль Ахмеджанов Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан Challenge Cup кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Финалда Ахмеджанов 13,650 ұпай жинап, жарыс жеңімпазы атанды. Күміс медальді өзбекстандық Хумоюн Исломов (13,600) иеленсе, қола жүлде моңғолиялық Энхтүвшин Дамдиндоржға (13,500) бұйырды.
Алтынхан Темірбек жарысты сегізінші орынмен аяқтады (12,500).
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу