Төрт жаттығудың қорытындысы бойынша Ақмарал Ерекешева 108,000 ұпай жинап, төртінші орынға ие болды. Ол шығыршықпен орындалатын жаттығуда 28,900, доппен 27,300, ұршықтармен 25,200, таспамен 26,600 ұпай жинады.
Айбота Ертайқызы финалда 106,200 ұпай жинап, бесінші орынға тұрақтады. Ол шығыршықпен орындалатын жаттығуда 27,250, доппен 26,450, ұршықтармен 25,700 және таспамен 26,800 ұпай еншіледі.
Алтын медальді 112,950 ұпай жинаған Өзбекстан өкілі Тахмина Икромова жеңіп алды. Қытай гимнастары Ван Ци (110,050) күміс, Ван Цзылу (109,200) қола жүлдеге ие болды.