Глеб Новиков тасжолдағы велоспорттан топтық жарысқа қатысты

112

Бұл сайыста Қазақстан намысын Глеб Новиков қорғады.

Глеб Новиков тасжолдағы велоспорттан топтық жарысқа қатысты Фото: olympic.kz

Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында тасжолдағы велоспорттан ұлдар арасында топтық жарыс мәресіне жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Отандасымыз 76,5 шақырым қашықтықты 1 сағат 48 минут 3 секундта жүріп өтіп, 22-ші болып мәре сызығын кесті. Ол жеңімпаздан 59 секундқа қалып қойды.

Жарыста бельгиялық Даан Вилмсен топ жарып, алтын медаль иеленді. Оның нәтижесі – 1:47:04. Ресейлік Степан Бортник күміс жүлдеге қол жеткізсе, аустралиялық Калеб Маккензи қола медаль жеңіп алды.

Үш спортшы да жарысты бірдей уақытта аяқтады. Жүлдегерлер мәреге кімнің бірінші жеткеніне қарай анықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу