Головкин-Джейкобс жекпе-жегіне билеттер сатыла бастады

1956

Жекпе-жекті күтіп жүрген жанкүйерлер қаншама десеңізші, әлі жаңа жыл басталмай жатып бұл екі боксшы жайлы әңгіме желдей есті. Тіпті, ақпараттың дұрыс не бұрыс екенін кәнігі маман не спорт сарапшысы болмаса, былайғы жұрт нақты білмейді.

Головкин-Джейкобс жекпе-жегіне билеттер сатыла бастады

Дегенмен, бізге белгілісі – бұл жекпе-жек 2017 жылдың 18 наурызында өтеді. Билеттер қазірдің өзінде интернет арқылы саудаға шығарылды. Билеттер бағасы – 100 бен 1000 АҚШ доллары аралығында. Боксшылардың гонорары да белгілі. Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының ережесі бойынша жалпы жиналған кірістің 75 пайызы чемпионға, яғни, Головкинге тиесілі, ал Джейкобске 25 пайызы бұйырады.

К2 Promotions-тің атқарушы директоры Том Леффлердің айтуынша, Джейкобс өзіне тиесілі гонорардан көбірек алуы да мүмкін. Қалай дегенде де, бұл жекпе-жекте Геннадий Головкиннің жеңетініне мамандар да, біз де күмән келтірмейміз.

Беделді мамандардың бірі Джим Лэмпли өзінің "The Fight Game with Jim Lampley" бағдарламасында Головкинді осы дәуірдің ең агрессивті боксшысы ретінде қабылдайтынын және оны әзірге жеңе алатын боксшының табыларына күмәнмен қарайтынын айтқан екен.

Генаның бапкері Абель Санчес те өзінің ең жақсы көретін шәкіртіне үлкен сеніммен қарап отыр.

"Қазақ жігіті басқалар сияқты емес, қазірдің өзінде маған қайта-қайта телефон шалып, тезірек жаттығу залына барғысы келетінін айтып жүр. Тезірек жаттықсақ екен деп қуанып жүр. Маған Геннадидің әрбір жекпе-жекке үлкен жауапкершілікпен қарайтыны ұнайды. Дэниел Джейкобспен рингке шығатынына мен де қуаныштымын. Өйткені, ол менің Генама нағыз лайықты жігіт, орта салмақтағы екінші мықты боксшы деп санаймын. Оның үстіне 12 рет нокаутпен кім көрінген жеңіске жете бермейді", – дейді Абель Санчес.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу