"Головкин ерекше жігер берді": Шайдоров Олимпиада алдында түс көргенін айтты

Спортшы түсінде атақты боксшы Геннадий Головкинмен кездескен.  

"Головкин ерекше жігер берді": Шайдоров Олимпиада алдында түс көргенін айтты Фото: olympic.kz

Бұл туралы сәтті ол тебіреніспен еске алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Италияда өткен Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоров Миланға аттанардан бұрын ерекше түс көргенін жеткізді. 

– Кейде жаттығу кезінде ешқандай нәтиже жоқтай көрінетін сәттер болады. Десе де, соған қарамастан алға ұмтылу маңызды, себебі адал еңбек ерте ме, кеш пе өз жемісін береді. Бір күні Геннадий Головкин туралы деректі фильм бе әлде сұхбат па көрдім. Содан кейін боксшы түсіме кірді. Біз үлкен конференц-залда кездестік, Головкин Азия ойындарында киген танымал пальтосымен жүрді. Еркін бағдарламаға шығар алдында оны қасымда тұрғандай сезіндім. Бұл маған ерекше жігер берді. Бойымдағы энергия артып, өзімді мүлде басқа адамдай сезіндім, – дейді чемпион.

Спортшы әсерін сөзбен айтып жеткізу қиын екенін, бірақ дәл осы сәт оған мұз айдынында үлкен мотивация сыйлағанын айтты.

Еске салайық, Михаил Шайдоров – мәнерлеп сырғанаудан Олимпиадада алтын медаль жеңіп алған Қазақстан тарихындағы алғашқы спортшы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу