Головкин World Boxing президенттігіне жалғыз үміткер болып тұр

299

Себебі, осы лауазымға өзін ұсынған Грекия бокс федерациясының президенті Харис Мариолис кандидатурасын ресми түрде қайтарып алды.  

Головкин World Boxing президенттігіне жалғыз үміткер болып тұр Фото: box-sport.de

Осылайша президенттік қызметке жалғыз үміткер болып Геннадий Головкин қана қалып отыр. World Boxing ұйымының жаңа басшысын сайлаудың шешуші кезеңі 23 қараша күні Италия астанасы Римде өтуі тиіс, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Италияда World Boxing конгресі өтіп, делегаттар ұйымның жаңа президентін сайлайды. Өз алдына дербес отау тіккен World Boxing ұйымына бүгінде 125 елдің әуесқой бокс федерациялары қарайды.

Геннадий Головкин 2024 жылдың 26 ақпанында Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті болып сайланды, ал қыркүйекте World Boxing-тің Олимпиадалық комиссиясының төрағасы атанып, бокстың Олимпиада бағдарламасында қалуына үлкен үлес қосты.

Ал, ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин осыдан бір ай бұрын халықаралық World Boxing ұйымының президенттігіне өз кандидатурасын ұсынған болатын.

Одан бөлек жерлесіміз Головкин өзінің соңғы жекпе-жегін Қазақстанда ұйымдастыруы мүмкін екенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу