Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды

2067

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) Геннадий Головкинге (42-2-1, 37 КО) кубалық Эрисланди Ларамен жекпе-жек өткізуді міндеттеді.

Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды

18 қыркүйекте Сауль "Канело" Альварестен жеңілген (58-2-2, 39 КО) Головкин қазіргі таңда орта салмақтағы WBA Super титулының иегері. Ол сонымен қатар IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы. Ал 39 жастағы кубалық WBA белбеуінің иегері.

Алда өтетін жекпе-жекке байланысты WBA ресми мәлімдеме жасады.

"WBA чемпиондық комитеті әлем чемпионы атағын қысқарту жоспары бойынша шешім қабылдағаннан кейін, супер орта салмақтағы чемпион Геннадий Головкин мен оның міндетті қарсыласы Эрисланди Лара арасында жекпе-жек өткізуді тапсырды. Келіссөздер кезеңі 30 күнді құрайды және тараптарға хабарлама жіберілген 23 қыркүйекте басталып, 23 қазанға дейін жалғасады. Егер командалар келісімге келе алмаса немесе біреуі одан бас тартса, жекпе-жек Головкиннің пайдасына 75 пайыз, Лараның пайдасына 25 пайыздық үлеспен аукционға қойылады", – делінген хабарламада.

Бұл жекпе-жек титулды жеңіп алған чемпион 120 күн ішінде ресми үміткермен кездесуі тиіс деген WBA ережесіне сәйкес жоспарланып отыр. Головкин биылғы жылдың 9 сәуірінде WBA титулын жеңіп алды. Оның мерзімі 8 тамызда аяқталды. Бірақ WBA Головкинге 17 қыркүйекте Сауль "Канело" Альвареске қарсы супер орта салмақ дәрежесінде жұдырықтасуға рұқсат берді.

Альварестен жеңілгеннен кейін 40 жастағы Головкин мансабын әлі аяқтамайтынын, сондай-ақ WBA және IBF орта салмақтағы белбеулерінен бас тартпайтынын мәлімдеді.

Ал 39 жастағы кубалық Эрисланди Лара ұзақ уақыт бойы жартылай орта салмақта әлем чемпионы болды. Ол өткен жылдың мамыр айында орта салмақтағы WBA тұжырымы бойынша тұрақты чемпион атағын жеңіп алса, биылғы жылдың мамыр айында бірінші рет чемпиондық атағын қорғады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу