Головкиннің қарсыласы дайындықты бастады

2276

Кәсіпқой бокста әлі жеңіліс таппаған поляк боксшысы Камил Шеремета жаттығу жұмыстарын бастады. 

Головкиннің қарсыласы дайындықты бастады

Жеңілмеген поляк боксшысы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) кезекті жекпе-жегіне оқу-жаттығу жиынын бастады деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы спортшы Инстаграм-парақшасында жариялады. Боксшыны Испаниядағы таулы аймақта түскен фотосуретін салған. Бұған дейін Шереметаның жаттығу лагері Испанияның Бенидорм қаласының маңында орналасқанын жазған едік. 

Айта кетейік, Шеремета қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің IBF нұсқасы бойынша міндетті қарсыласы. Бірақ қос боксшының кездесетіні жайлы ресми жарияланған жоқ.

Бұған дейін Головкин-Шеремета жекпе-жегі 28 наурызда Чикагодағы Wintrust Arena спорт кешенінде өтеді деп жоспарланған болатын. Алайда бұл жекпе-жек 28 наурызда өтпей қалуы мүмкін екені айтылып жүр. Сарапшылар бұл кездесудің сәуір не мымыр айында өтуі мүмкін екенін айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу