Google Earth сервисінде тегін авиасимулятор пайда болды

317

Жаңа құрал веб-нұсқада ғана қолжетімді.  

Google Earth сервисінде тегін авиасимулятор пайда болды Фото: ru.euronews.com

Google компаниясы Google Earth сервисінде жаңа функцияны іске қосты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Euronews-ке сілтеме жасап. 

Жаңа авиасимулятор режимі ұшу процесін толық басқару үшін жасалған. 12 маусымда іске қосылған жаңа құрал Жер шарының үстінен қарауға мүмкіндік береді. Ол негізінен кәсіби мамандарға емес, әуесқой пайдаланушыларға арналған әрі бір нүктеден екінші нүктеге ұшу барысында 3D ғимараттар мен көрікті жерлерді бақылауға болады.

Авиасимуляторды іске қосу үшін Google Earth сайтына кіріп, Explore Earth батырмасын басу қажет. Кейін Tools мәзірін ашып, Flight Simulator бөлімін таңдаңыз.

Құралды пайдалану үшін әртүрлі пернетақта комбинацияларының тізімі де әзірленген. Онда жылдамдықты арттыру мен тежеуден бастап, бұрылу, биікке көтерілу сияқты барлық басқару тәсілдері сипатталған. Әзірлеушілердің сөзінше, авиасимулятор тек Google Earth-тің веб-нұсқасында ғана қолжетімді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу