Гренландия мен Дания тұрғындары Трампқа қарсы наразылыққа шықты

276

2026 жылғы 17 қаңтарда Данияның Копенгаген қаласында және Гренландия астанасы Нуукте мыңдаған адам АҚШ президенті Дональд Трамптың Гренландияны өз бақылауына алу жоспарларына қарсы наразылық шараларына шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BBC басылымына сілтеме жасап.

Гренландия мен Дания тұрғындары Трампқа қарсы наразылыққа шықты Фото: Martin Sylvest Andersen/Getty Images

"Біз Дат корольдігіне және Гренландияның өзін-өзі анықтау құқығына құрмет көрсетуді талап етеміз", – деді Гренландиялық қауымдастықтарды біріктіретін Inuit ұйымының басшысы Камилла Сизинг.

Трамп бұған дейін Гренландияны өз бақылауына алу мүмкіндігін жоққа шығармаған. Ол Гренландияны АҚШ ұлттық қауіпсіздігі үшін шешуші деп санайды және өзінің жоспарына қарсы шыққан Еуропа елдерінен келетін тауарларға баж салығын енгізетінін айтты.

АҚШ президентінің хабарлауынша, 1 ақпаннан бастап Дания, Норвегия, Швеция, Франция, Германия, Ұлыбритания, Нидерланды және Финляндиядан келетін тауарларға 10 пайыздық баж салынады. Трамп сонымен қатар 1 маусымнан бастап баж мөлшерін 25%-ға дейін көтеретінін және бұл АҚШ Гренландияны толық сатып алуға келісімге қол жеткізгенше сақталатынын ескертті.

Копенгагендегі наразылықта "Гренландиядан қолыңды тарт", "Гренландия сатылмайды" деген плакаттар ұстап шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу