Осылайша, Грузия 6 жылдан асқан автокөліктерді елге әкелуге тыйым салатын тиісті заң жобасы парламентке енгізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Кобахидзенің сөзінше, бастама елдегі көлік санының күрт артуына байланысты көтеріліп отыр.
– 2012 жылы Грузияда 864 мың автокөлік тіркелген болса, биылғы деректер бойынша бұл көрсеткіш екі миллионнан асты. Өсімнің қаншалықты ауқымды екені анық. Автокөліктер санының мұндай көбеюі бір жағынан жол қозғалысының шамадан тыс жүктелуіне, екінші жағынан экологиялық жағдайдың нашарлауына әкеледі. Сондықтан, тиісті шаралар қабылдау қажет деп санаймыз, – деді премьер-министр.
Шектеулер сонымен қатар экологиялық жағдайды жақсартуға, азаматтардың денсаулығын қорғауға және қозғалыс жайлылығын арттыруға көмектеседі. Заң жобасында жекелеген ерекшеліктер қарастырылған, десе де олардың егжей-тегжейі әзір ресми жарияланбады.
Еске салайық, Грузияда автокөліктерді импорттау мен тіркеуге қатысты шектеулер қазірдің өзінде қолданыста бар. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап экологиялық "Еуро-5" стандартына көшуге байланысты 2013 жылға дейін шығарылған жеңіл автокөліктерді елге әкелуге және тіркеуге тыйым салынған. Тек қайта экспортқа немесе транзитке арналған, тіркеу құқығынсыз көліктерге ғана рұқсат берілген. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап осындай шектеулер қолданыста болғанына 10 жылдан асқан жүк көліктері мен автобустарға да енгізілді.