"Реал Мадрид" бас бапкері Хаби Алонсо тарихи матчтан кейін ойын туралы әсерімен бөлісті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алматыдағы ойын 5:0 есебімен "Реал Мадридтің" пайдасына аяқталды. Оған қарамастан желіде "Қайраттың" жанкүйерлері отандық клубтың футболшыларына тартысты ойын үшін алғыс айтып жатыр. Испаниялық клубтың бас бапкері Хаби Алонсо да біздің ойыншыларға өз бағасын берді.
"Қайрат" – жақсы команда. Олар Чемпиондар лигасында ойнауға әбден лайық. Біз алматылық команданың жанкүйерлері үшін бұл маңызды екенін түсінеміз. Бізді осы стадионда жақсы қарсы алды. Матчтың басында қарсыластар өте жақсы ойнады. Гюлер әріптестерімен бірге өте жақсы қимылдады. Біз "Қайраттың" жанкештілігіне таңғалдық", – деді Хаби Алонсо.
Айта кету керек, "Қайрат" "Реал Мадрид" клубына есе жібергенін жазғанбыз.