Хаби Алонсо "Реал Мадридтен" кетті

96

Хаби Алонсо ойыншы ретінде "Реал Мадридте" бес маусым өткізді.

Хаби Алонсо "Реал Мадридтен" кетті Фото: © IMAGO/Maciej Rogowski

 "Реал Мадридтің" бас бапкері Хаби Алонсо сегіз ай жұмыс істегеннен кейін отставкаға кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BBC-ге сілтеме жасап.

Клуб 44 жастағы Алонсоның орнын 42 жастағы Альваро Арбелоа басатынын жариялады. Ол бір кездері Алонсомен Испания құрамасында және "Ливерпульде" бірге ойнаған.

Жексенбіде Реал өзінің басты қарсыласы "Барселонадан" Испания суперкубогінің финалында жеңіліп қалды. Ал чемпионат кестесінде "Барсадан" төрт ұпайға артта қалып, екінші орында тұр.

Жаттықтырушы ретінде ол 2024 жылы Леверкузеннен Германия чемпиондары "Байерді" шығарды. Ал бір жылдан кейін өткен жазда атақты Карло Анчелоттидің орнына "Реалдың" бас жаттықтырушысы болып тағайындалды.

Альваро Арбелоа өткен көктемнен бері "Реал Мадридтің" қосалқы құрамдарын жаттықтырып келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу