Халима Якоб: Қазақстан мен Сингапурдың қарым-қатынасы әрі қарай нығаятынына сенімдімін

1104

Бүгін елордада Қазақстан-Сингапур бизнес форумы өтті.

Халима Якоб: Қазақстан мен Сингапурдың қарым-қатынасы әрі қарай нығаятынына сенімдімін Фото: akorda.kz

Қазақстан мен Сингапур арасындағы инвестициялық ынтымақтастық артып келеді. Бұл туралы елордада өткен Қазақстан-Сингапур бизнес форумында Үкімет басшысы Әлихан Смайылов айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Сингапур – Қазақстанның Азия аймағындағы ең ірі сауда және ивестициялық серіктесі. Өткен жылы сауда айналымы 65 пайызға артып, 2 млрд долларды құрады. Сонымен қатар соңғы жылдары инвестиция көлемі 6 есеге өсті. 230-дан астам бірлескен компаниялар мен кәсіпорындар Қазақстанда табысты жұмыс істеп келеді. Экономикалық байланыстарымызды кеңейту үшін үлкен әлеуетіміз бар. Бүгінгі таңда біздің қарым-қатынасымызды нығайтуға барлық қажетті жағдайлар бар", - деді Үкімет басшысы.

Өз кезегінде Сингапур Республикасының Президенті Халима Якоб екіжақты келіссөздердің табысты болғанын жеткізді.

"2017 жылы келген сапарымнан бері Қазақстандағы жағымды өзгерістердің куәгері болып отырмын. Менің сапарым біздің елдеріміздің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуымен тұспа-тұс келді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен Қазақстан мен Сингапурдың қарым-қатынасы әрі қарая нығаятынына сенімдімін. (...) Қазақстан – Сингапурдың Орталық Азиядағы ең ірі серіктестерінің бірі", - деді ол.

Еске салайық, осыған дейін елордада Қазақстан-Сингапур бизнес форумы өткенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу