Halyk finance:Ұлттық базалық мөлшерлемені өте тез төмендетті

7828

Инвестициялық компания аналитиктерінің пікірі бойынша бұл экономикалық өсуді ынталандыруға қатысты үкіметтің инфляцияны ұстап тұру басымдылығының ығысуына әкеледі.

Halyk finance:Ұлттық базалық мөлшерлемені өте тез төмендетті

"Қазақстан Ұлттық банкі" осы аптада, яғни осы жылға екінші рет базалық мөлшерлемені  пайыздық мөлшерлеме дәлізін +/-1 пайыздық көлемде сақтап , 15%- дан  13%-ға дейін төмендетті.

Мұның алдындағы төмендеу 2016 жылдың 5 мамырында болды, ал алғашқы базалық мөлшерлеме 2016  жылдың 1 ақпанында бекітілген. Мамыр айында реттеуші базалық мөлшерлемені 2 пайызға төмендетті, алайда дәліздің +/-2 п.б.  +/-1 п.б. тарылуына байланысты өтімділікті алу бойынша мөлшерлеме тек 1п.б. ғана төмендеді. Осылайша екі ай ішінде өтімділікті алу бойынша мөлшерлеме 3 п.б. төмендеді.

Базалық мөлшерлемені төмендету бойынша кейінгі шешім ішкі оң факторлармен, валюта нарығының тұрақталуымен, өтімділіктің пайдасымен және инфлияциялық қысымның төмендеуімен түсіндірілді. Қаржылық реттеуші алдында инфлияцияны осы жылдың соңына  дейін 6-8% -да ұстап тұру міндеті тұр.

Ресми сайтта жарияланған Halyk finance инвестициялық компаниясы аналитиктерінің пікірі бойынша базалық мөлшерлеменің тез төмендеуі Ұлттық банктің экономикалық өсуді ынталандыруда инфляция деңгейін ұстап тұру бойынша басымдылығының ығысуы туралы айтады. Осыған орай соңғы міндет үкіметтің енгізуіне байланысты деп көрсетеді инвесткомпания.

Halyk finance ақша саясаты шешімінің нәтижелерін бағалау үшін жаңа экономикалық мәліметтердің   түсуіне қарай мөлшерлемені байқап төмендету керектігі туралы позицияны ұстанады.  Бес ай ішінде базалық мөлшерлеме жиынтығы 4 п.б. төмендеді. Ұлттық банктің аталған әрекеттерінен болған тиімділікті соңғы шешіммен арадағы уақыттың қысқалығынан әзірге бағалау қиындау дейді аналитиктер

"Экономикалық серпіннің төмен жағдайында мөлшерлеменің төмендеуі шынайы экономикадан алыс салаларды несиелеуді, сонымен қатар валюта нарығында  алыпсатарлықты  осып жіберуі мүмкін.  Сонымен қоса,  теңгенің әлсіреуі үшін триггер болуы мүмкін мұнай бағасының төмендеуі тәуекелін де естен шығармаған дұрыс. Сонымен қатар, үкіметтің бюджеттен тыс шығындары бойынша да үлкен  тұрлаусыздық бар. Осының барлығы инфлияцияға теріс қысым жасауы мүмкін. Біз базалық мөлшерлеменің мындай тез төмендеуінен кейін  осы шешімнің ел экономикасына әсерін бағалау үшін кем дегенде 6 айға үзіліс жасаған дұрыс деп ойлаймыз", - дейді инвесткомпаниядағылар.

Halyk finance анлитиктерінің пікірінше, жылдық инфлияция биылғы жылдың желтоқсан айында Ұлттық банк болжам көрсеткішінің жоғарғы шегіне жақын болады және 7,5%-ды құрайды.

Саян Абаев