"Халық" Қайырымдылық Қорының көмегі жалғасуда

1640

Атырау облысы тұрғындарына коронавирус инфекциясымен күресуге қажет медициналық жабдықтар мен препараттар жіберілді.  

"Халық" Қайырымдылық Қорының көмегі жалғасуда

Бүгінгі таңда Атырау облысы коронавирус инфекциясы ауруларының ең көп саны тіркелген өңір және бұл өңір медициналық жабдықтарды қажет етеді. Осыған байланысты "Халық" Қайырымдылық Қоры  сатурация мониторингі және коронавирус инфекциясын емдеу кезінде қолданылатын 1000 пульсоксиметр, 100 жылжымалы оттегі концентраттары, стационарлық жағдайларда коронавирус инфекциясының ауыр жағдайларын емдеу кезінде әлемдік тәжірибеде қолданылатын "Авифавир" медициналық препаратының 100 қаптамасы жолданды. Жабдықтар мен дәрі-дәрмектер Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасына медициналық мекемелерге тарату үшін жеткізілді.

Осы аптаның басында қор Атырау облысының тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларға COVID-19 емдеу кезінде қолданылатын дәрі-дәрмектер, ең қажетті азық-түліктер, тазалық және антисептикалық заттардан тұратын салмағы 60 тоннадан асатын 1000 жиынтық таратылды.

Айта кетейік, төтенше жағдай режимі енгізілгеннен бастап "Халық" Қайырымдылық Қоры Қазақстанда коронавирус инфекциясы салдарын жоюға және күресуге бағытталған үлкен игі іс атқарды, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға 20 000-нан астам азық-түлік жиынтығын тегін таратып, медицина қызметкерлеріне ақшалай төлемдер беріп және қажетті жабдықтар: ИВЛ аппараттары, ПТР зертханалары және жедел жәрдем машиналарын табыстады. Көрсетілген көмектің жалпы сомасы - 5,5 млрд теңгені құрады.

Мемлекет, бизнес, қайырымды жандар және бүкіл Қазақстан халқының коронавирус инфекциясына қарсы күресі жеңіспен аяқталады деп үміттенеміз.


Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу