Халық жаңартылатын энергия көздерінен алынатын электр энергиясын сата алуы мүмкін

498

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста жаңартылатын энергия көздері мен электр энергетикасын пайдалану туралы заңды талқылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Халық жаңартылатын энергия көздерінен алынатын электр энергиясын сата алуы мүмкін Фото: inbusiness.kz

Заң бойынша, қуаттылығы 200 киловаттқа дейінгі "жаңартылатын энергия көздерін пайдалануға арналған шағын көлемді нысан" деген жаңа түсінік енгізілетін болады.

Заңның мақсаты – халықтың, шағын және орта бизнестің, шаруа және фермер қожалықтарының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануын ынталандыру болып табылады.

"Заңға сәйкес, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар таза тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу және оларды электр желісіне қосу жөніндегі міндеттемесі заңнамалық түрде бекітіледі. Таза тұтынушылар өз кезегінде электр энергиясын шағын гидро электростанциялардан 10 МВт-қа дейінгі шекті тариф бойынша сату құқығына ие болады", делінген хабарламада.

Депутаттар кеңейтілген отырыстың қорытындысы бойынша заңды Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу