Екінші турда біздің хоккейшілер жарыс қожайындары – Қытайды 5:1 есебімен ойсырата ұтып, өз шеберліктерін тағы бір дәлелдеді. Гол авторлары - Максим Мусоров ("Торпедо"), Степан Александров ("Торпедо"), Батырлан Мұратов ("Барыс"/"Номад"), ол бұл ойында дубль жасады, және Артур Гатиятов ("Номад").
Алғашқы ойында Қазақстан Оңтүстік Кореяны 4:2 есебімен ұтқан болатын. Екі турдан кейін ұлттық құрамамыз алты ұпай жинап, турнир кестесінде жеке-дара көш бастап тұр.
Сондай-ақ бүгін Корея құрамасы Жапонияны 1:0 есебімен жеңді.
Шешуші кездесу 23 қараша, жексенбі күні өтеді. Қазақстан Жапониямен чемпиондық атақ үшін таласады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу