Хоккейден Олимпиада финалында АҚШ Канаданы тізе бүктірді

162

2026 жылғы қысқы Олимпиададағы ерлер хоккейінен алтын медальдің иегері анықталды. 

Хоккейден Олимпиада финалында АҚШ Канаданы тізе бүктірді Фото: globallookpress.com

Финалдық кездесуде АҚШ командасы Канада құрамасын овертаймда 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Бірінші кезеңде АҚШ минималды есеппен алға шықты. Гол авторы – Мэтт Болди. Екінші 20 минуттықта канадалықтар сапынан Кейл Макар есепті теңестірді. Үшінші кезең голсыз өтті. Сондықтан алтын медаль тағдыры овертаймда, 3х3 форматында шешілді.

Овертаймда АҚШ командасы сапынан алтын шайбаны 2-минутта Джек Хьюз салды.

Қола медальді Финляндия жеңіп алды. Олар 3-орын үшін өткен ойында Словакияны 6:1 есебімен жеңді.

Айта кетейік, АҚШ пен Канада әйелдер хоккей финалында да кездесіп, америкалық хоккейші қыздар овертаймда 2:1 есебімен жеңіске жеткен еді.

Ерлер хоккейінің финалы 2026 жылғы қысқы Олимпиаданың соңғы жарысы болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу