Хоккейден ұлттық құрамаға жаңа бапкер тағайындалды

779

Ғалым Мәмбеталиев хоккейден Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды.

Хоккейден ұлттық құрамаға жаңа бапкер тағайындалды

Қазақстан шайбалы хоккей федерациясының Атқару комитетінің отырысы өтіп, онда Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар құрамын тағайындау туралы шешім қабылданды. Ғалым Баубекұлы бұған дейін 2018 жылы өткен әлем чемпионатында (1А) Қазақстан құрамасын баптаған болатын. Ол еліміздің студенттер құрамасымен бірге өткен Универсиадада да қола жүлдегер атанды. Сондай-ақ ол өткен маусымда Pro Hokey Ligasy чемпионы атанған астаналық "Номадтың" бас бапкері.

Осылайша, ұлттық құрама алдағы уақытта Кореямен жолдастық кездесулер және 2023 жылғы әлем чемпионатын келесі мамандардың жетекшілігімен өткізеді:

Бас бапкер – Ғалым Мәмбеталиев

Жаттықтырушы - Александр Высоцкий

Жаттықтырушы – Ерлан Сағымбаев

Қақпашылардың жаттықтырушысы - Александр Шимин

Жаттықтырушы - Александр Березенский

Бас менеджер – Глеб Каратаев

Айта кетейік, 12 және 28 мамыр аралығында Латвияның Рига және Финляндияның Тампере қаласында шайбалы хоккейден әлем чемпионаты өтеді. Қазақстан құрамасы В тобында ойнайды. Онда топтық кезеңде Канада, Чехия, Латвия, Норвегия, Словакия, Словения және Швейцария командаларына қарсы өнер көрсетеді.

10 сәуір күні маусымды өз клубтарында аяқтаған ойыншылар Астанада жиналып, оқу-жаттығудың бірінші кезеңін өткізді. 22 және 24 сәуірде "Барыс Аренада" Қазақстан құрамасының Оңтүстік Корея командасымен жолдастық ойын өткізеді. Әрі қарай 5 және 7 мамыр аралығында Астанада турнир өтіп, онда біздің ұлттық құрама Ресей және Беларусь құрамаларына қарсы ойнайды. 8 мамыр күні команда Латвияға аттанып, онда 13 мамыр күні Норвегияға қарсы алғашқы ойынды өткізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу