Хорватиядағы Әлем кубогына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

209

Әлем кубогы кезеңі 9-12 сәуір аралығында өтеді.

Хорватиядағы Әлем кубогына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды Фото: olympic.kz

Халықаралық гимнастика федерациясы (FIG) Хорватияның Осиек қаласында өтетін спорттық гимнастикадан Әлем кубогы кезеңіне қатысушылар тізімін жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ресми мәліметке сәйкес, алдағы халықаралық додада Қазақстан құрамасының намысын төрт спортшы қорғайды. Құрама сапына Милад Карими, Нариман Курбанов, Зейнолла Ыдырысов және Ілияс Әзізов енді. 

Айта кетейік, бұған дейін Мысырдың Каир қаласында өткен кезеңде қазақстандық гимнастар табысты өнер көрсетіп, үш медаль жеңіп алған еді. Атап айтқанда, ат снарядындағы жаттығуда Зейнолла Ыдырысов күміс жүлдеге ие болса, Нариман Курбанов қола жүлдені еншіледі. Сонымен қатар, Асан Салимов қол тіреп секіру жаттығуында екінші орын алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу