Енді оның есімі орта салмақтағы боксшылардың жаңартылған рейтингінен де алынып тасталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына қатысты шешім допингке байланысты даудан және чемпиондық белбеуден айырылуынан соң қабылданған.
Осылайша, IBF тұжырымы бойынша чемпиондық атақ вакантты күйінде қалып отыр. Яғни, рейтингтің бірінші орны бос. 2-орынға италиялық былғары қолғап шебері Этиноза Олиха жайғасса, үздік үштік жеңіліп көрмеген ирландиялық Аарон Маккеннаға тиесілі болды.
Еске салайық, ақпан айындағы жаңартылған рейтингте қазақстандық боксшы Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) тұжырымы бойынша чемпион мәртебесін сақтап қалды. Ұйым Жәнібектен белбеуді тартып алса да, оны бір жылға дисквалификациялау туралы шешім қабылдаған болатын.
Алдын ала мәліметтерге сай, Әлімханұлы желтоқсан айында WBO нұсқасы бойынша титулдық жекпе-жек өткізуі мүмкін.