Қазақстандық пара дзюдошы Ибрагим Нұрмаханұлы Жапонияның Аичи–Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Отандасымыз J2 санатында 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Финалда ол өзбекстандық Кемран Нуриллаевты жеңіп, жарыс чемпионы атанды.
Сондай-ақ қазақстандық спортшылар пара пауэрлифтингтен тағы екі медаль иеленді. 45 келіге дейінгі салмақта Алина Солодухина 103 келіні көтеріп, күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал Айжан Берімқұлова 101 келі нәтижемен қола медаль жеңіп алды.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынындағы алтын медаль саны үшке жетті. Бұған дейін Давид Дегтярев пара пауэрлифтингтен, Еркін Ғаббасов пара оқ атудан чемпион атанған еді.