Игі істер марафоны: Qazaq Oil мыңдаған отбасыға қолдау көрсетті

5424

Бүгін Құрбан айт мерекесінде Qazaq Oil компаниясы елордалық отбасыларға кезекті рет азық-түлік жиынтығын жіберді. 

Игі істер марафоны: Qazaq Oil мыңдаған отбасыға қолдау көрсетті Фото: Qazaq Oil

Компания аймақтағы өмірді жақсартуға деген талпынысын білдіріп, қоғамдық бастамаларға қолдау көрсеткеніне бірінші рет емес. Былтыр Qazaq Oil компаниясы қала әкімдігімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, төрт мың отбасына көмектесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Биыл Наурыз мерекесіне орай бір мың азық-түлік жиынтығы табысталды, ал бүгін компания өзінің қайырымдылық миссиясын жалғастыра отырып, тағы бір мың жиынтық дайындап, үлестірді. 

Әр қорапта салмағы 40 келі және құны 30 мың теңге болатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бар. Көмекті қиын жағдайда жүрген отбасылар алады, олардың тізімін әкімдік ұсынады. Сондай-ақ Qazaq Oil қоғам өміріне белсенді атсалысады, түрлі мәдени және спорттық іс-шараларға әрдайым демеуші болып, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікке деген адалдығын көрсетеді, деп атап өтті компанияның PR-директоры Анель Еликбаева.

Азық-түлік жиынтығын алған елорданың тұрғыны Жаңагүл Қаратаева көмек көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

"Әкімдік демеушілермен, соның ішінде Qazaq Oil-мен бірге бізге әрдайым қолдау көрсетіп отырады. Біз көпбалалы отбасымыз және мұндай көмек біз үшін өте маңызды", - деді ол.

Жанагүлдің төрт баласы бар. Олардың екеуі студенттер болса, екеуі әлі мектепте оқиды.

"Жыл сайын әкімдік пен демеушілер бізге азық-түлік жиынтығын ғана емес, сондай-ақ жазғы лагерьлерге жолдама береді. Бұл біздің отбасымызға үлкен қолдау", - деді ол.

Айта кету керек, биыл Qazaq Oil компаниясы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде және Қазақстанның бірқатар өңіріндегі табиғи апаттың салдарын жоюға 150 млн теңге бөлді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу