Илон Маск АҚШ-қа үлкен қауіп төніп тұрғанын айтты

Тақырып тікелей елдің мемлекеттік қарызына қатысты.  

Илон Маск АҚШ-қа үлкен қауіп төніп тұрғанын айтты Фото: РИА Новости

Мұның салдары Америкаға "іс жүзінде" банкроттық қауіп әкелуі мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Yahoo Finance басылымына сілтеме жасап. 

Бүгінде АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 37 трлн доллардан асқан. 

Бұл туралы миллиардер кәсіпкер Илон Маск Х-тегі жазбасында жазды. Ол мұндай жайтты "іс жүзіндегі банкроттық" деп бағалап, осы қарыз бойынша пайыздық төлемдер қазір барлық салық түсімінің 25 пайызын құрайтынын ескерткен. 

Масктың сөзінше, егер бұл процесс дәл осылай жалғаса берсе, болашақты ойлаудың өзі қорқынышты. 

АҚШ үкіметінің жалпы кірісіндегі 5 трлн доллардың пайыздық төлемдері қазіргі уақытта – 1,2 трлн доллар, тиісінше үкімет жыл сайын 7 трлн доллар жұмсауды жалғастыруда. Бұл өз кезегінде ұдайы көбейіп келе жатқан тапшылыққа әкеліп соғуда. 

Ал экономист Питер Шифф Масктың жазбасына АҚШ-тың осы кездің өзінде банкротқа ұшырағанын жазған.

Оның сөзінше, пайыздық мөлшерлемелердің жоғарылайтыны сонша, қарызға қызмет көрсету шығындары жалпы салық түсімінен де асып түсетінін ескерткен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу