Илон Маск АҚШ-тағы әр балаға SpaceX акциясын сыйлауға уәде берді

363

АҚШ-та кәмелеттік жасқа толмаған 72-73 миллионға жуық бала тұрады.

Илон Маск АҚШ-тағы әр балаға SpaceX акциясын сыйлауға уәде берді Фото: Kevork Djansezian / Getty Images

Америкалық миллиардер Илон Маск 2027 жылы АҚШ-тағы әрбір балаға өзінің SpaceX ғарыш компаниясының бір акциясынан сыйлайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BILD-ке сілтеме жасап.

"Келесі жылы мен Америкадағы әрбір балаға SpaceX компаниямның бір акциясын сыйға тартамын. Бұл көптеген сыйлықтың бастамасы ғана болады", – деп жазды ол X әлеуметтік желісінде.

АҚШ-та 18 жасқа дейінгі 72-73 миллионға жуық бала бар. SpaceX акцияларының қазіргі құнын есепке алсақ, Масктың сыйлығы шамамен 10,5 миллиард долларға бағалануы мүмкін. Компания биржаға 2026 жылдың маусымында шықты. Бұл ретте миллиардер акциялардың нақты қалай үлестірілетінін әрі оны кімдер ала алатынын нақтыламады.

Масктың мәлімдемесі Claude чат-ботын жасап шығарған Anthropic компаниясының бастамасынан кейін жасалды. Бұл компания өзінің 5% акциясын қайырымдылық қорына бағыттайтынын жариялаған болатын. Илон Маск акцияларды адамдарға тікелей таратуды ұсынып, көп ұзамай өзінің жеке жоспарын көпшілікке айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу