Индиан-Уэллс: Александр Бублик үшінші айналымда жарыс жолын аяқтады

97

Индиан-Уэллстегі турнирдің жүлде қоры 9,4 миллиард теңгеден астам. 

Индиан-Уэллс: Александр Бублик үшінші айналымда жарыс жолын аяқтады

Александр Бублик АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан беделді турнирдегі өнерін аяқтады.

Қазақстандық спортшы 1/16 финалда әлемнің 117-ракеткасы, аустралиялық Ринки Хидзикатамен кездесіп, тартысты матчта жеңіліп қалды.

Кездесу 2 сағат 38 минутқа созылды. Фаворит саналған Бублик үш сет қорытындысы бойынша 7:6 (7:3), 6:7 (3:7), 3:6 есебімен қарсыласына жол берді.

Матчтың алғашқы сетінде қазақстандық теннисші сенімді ойын көрсетіп, тай-брейкте басым түсті. Алайда екінші партияда Хидзиката қарымта қайтарып, тағы бір тай-брейкте жеңіске жетіп, есепті теңестірді. Шешуші үшінші сетте аустралиялық ойын тізгінін қолына алып, жарыстың келесі айналымына жолдама алды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу