Индиан-Уэллс турнирі: Рыбакинаның алғашқы қарсыласы белгілі болды

137

Әлемнің үздік теннисшілері Индиан-Уэллсте бас қосты. 

Индиан-Уэллс турнирі: Рыбакинаның алғашқы қарсыласы белгілі болды Фото: Артур Видак | Getty Images

АҚШ-та 4-15 наурыз аралығында өтіп жатқан беделді WTA 1000 санатындағы Индиан-Уэллс турниріне әлемнің ең мықты теннисшілері түгелге жуық қатысып жатыр. Айта кетерлігі, жарыстағы 32 спортшының барлығы WTA рейтингінің алғашқы 32 сатысына кіреді. Бұл жолы басты фавориттердің ешқайсысы турнирден бас тартқан жоқ.

Арина Соболенко Australian Open турнирінен кейін алғаш рет кортқа оралады. Әлемнің бірінші ракеткасы өткен жылғы Индиан-Уэллс финалында Мирра Андрееваға жол берген еді. Биыл Андреева чемпиондық атағын қорғауға тырысады.

Оған қоса турнирдің басты фавориттері қатарында Ига Швёнтек, Елена Рыбакина, Кори Гауфф және әйелдер теннисіндегі басқа да жұлдыздар бар.

Бүгін Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның турнирдегі алғашқы қарсыласы анықталды. Ол жарыстың екінші айналымында америкалық Хейли Баптистпен кездеседі.

Баптист бірінші кезеңде колумбиялық Эмилиана Арангоны үш сетте 2:6, 6:2, 6:3 есебімен жеңді.

1/32 финал аясындағы Рыбакина мен Баптист арасындағы кездесу 7 наурыздан 8 наурызға қараған түні өтеді.

Айта кетейік, Индиан-Уэллс турнирінің жалпы жүлде қоры 18 831 450 долларды құрайды. Жеңімпаз 1 201 125 доллар сыйақы алып, 1000 рейтингтік ұпайға ие болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу