Интернет-алаяқтарды құрықтау жеңілдейді: Құрылтай құжатты қабылдады

221

Конвенция 2001 жылы Будапешт қаласында қабылданған.  

Интернет-алаяқтарды құрықтау жеңілдейді: Құрылтай құжатты қабылдады Фото: nege.kz

Құрылтай компьютерлік қылмыстар туралы конвенцияны ратификациялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"2023 жылғы сәуірде Қазақстан Еуропа Кеңесінің Конвенцияға қосылу туралы ресми шақыруын алды. Конвенцияның негізгі мақсаты – киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жасау және халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету. Конвенция компьютерлік деректерді жедел сақтауға, электрондық дәлелдемелерді іздеу мен алуға, бұғаттауға, трафик туралы мәліметтерді жинауға, сондай-ақ құқықтық көмек туралы сұрау салуларды жолдауға мүмкіндік береді. Бұл интернет-алаяқтықтарды және қажетті цифрлық деректер Қазақстаннан тыс жерде орналасқан басқа да қылмыстарды тергеп-тексеру кезінде ерекше маңызды", – деді Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов.

Бұл ретте ынтымақтастық ұлттық заңнаманы және мемлекеттік егемендікті сақтай отырып жүзеге асырылады.

"Конвенцияда, егер сұрау салуды орындау мемлекеттің мүдделерін қозғайтын болса, оны орындаудан бас тарту көзделген. Бүгінгі күні Конвенцияға 80-нен астам мемлекет қатысушы болып табылады. Олардың қатарында АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Германия, Франция, Жапония және Австралия бар. ТМД елдерінен – Армения, Әзербайжан және Молдова. Конвенцияны ратификациялау трансұлттық киберқылмыстарды тергеп-тексеру кезінде қатысушы мемлекеттермен жедел өзара іс-қимыл жасау аясында азаматтардың құқықтарын қорғауға құқықтық негіз қалыптастырады", – деп атап өтті ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу