Инвесторлар бизнес индустриясында жаңа идеялар үшін күресіп жатыр

Гүлбаршын Сабаева Гүлбаршын Сабаева
2822

Тіпті брокерлердің өзі бұл мүмкіндікті пайдаланып қалу үшін ашық күреске шығуға дайын екенін байқатқан.

Инвесторлар бизнес индустриясында жаңа идеялар үшін күресіп жатыр

АҚШ-тың Федералды резерв жүйесіндегі бұл жолғы өзгеріске сарапшылар валюта трейдерлері үшін алыпсатарлыққа бастайтын жол деп баға беріп үлгірді. Жаңа үлгідегі технологиялық хайптың тақырыбы да жаңалық емес екен. Бұл жағдай формасы жағынан 2000-2001 жылдардағы "dotcom bubble" немесе инвесторлардың хайтек-стартаптарға қаржы салып, сонан соң жарылып кеткен сәттеріне көбірек ұқсап барады.

"Фридом Финанс" инвестициялық компаниясының бас директоры Тимур Турловтың айтуынша, монетарлы саясат өзінен-өзі қауіп тудыра бермейді. Бұл жерде пайыздық көтеру немесе төмендету қор нарығының өсімімен қатар жүреді екен.

"АҚШ-тың ІЖӨ соңғы екі жылда рекордтық деңгейде өсіп барады. 2018 жылдың үшінші тоқсанында ол 4,1 пайыз өсім берді. АҚШ-тың алпауыт компанияларының экономикалық өсімі 20 пайызға жеткенін және акцияларының өсу мүмкіндігі 100 пайыз екенін айтып жатыр", – дейді Тимур Турлов.

Сарапшылар АҚШ валютасының құны қымбаттағанын және оны ары қарай қымбаттата беруі мүмкін екенін айтуда. ФРЖ 2017 жылдан бері айналымға жіберген 3 трлн АҚШ долларын кері қайтаруға әрекет ете бастауының себебі осы екен. Ал коммерциялық банктер несиелік портфелін толықтыруға тырысып бағуда.

1-графика. 2014 жылдан бері ФРЖ пайыздық мөлшерлемесінің өзгеруі

Дереккөз: investing.com сайтынан алынды

"IPO нарығы ФРЖ ықпалында және қазіргі жағдайдың уақытша құбылыс екені белгілі. Инвесторлар бизнес индустриясында жаңа идеялар үшін күресіп жатыр. Тіпті брокерлердің өзі бұл мүмкіндікті пайдаланып қалу үшін ашық күреске дайын екенін байқатып қойды",– дейді Тимур Турлов.

Дереккөз: Ұлттық банктің сайтында жарияланған мәліметтерден алынды

2008 жыл мен 2018 жылдың арасында қандай байланыс бар?
Сарапшылар уақыт тегершігін 2008 жылға қайта бұру мүмкін болмаса да, сол жағдайға қайта оралуымыздың мүмкін екенін айтып жатыр. Мұндай қортындыға келуге себеп болған факторлардың өзі пісіп-жетіліпті. Себебі ФРЖ-ның екі өкілі, 26 қазан күнгі басқосу кезінде пайыздық мөлшерлемедегі жаңалықтар америкалық компаниялардың акциясына әсер ететінін, бұл АҚШ экономикасы үшін де қиын болатынын ескерткен.

Бірақ ФРЖ-ның жаңа басшысы Кливленда Лоретта Местер бұл сценарийдің АҚШ-қа қатысты емес екенін, пайыздық мөлшерлемені қайта қарауға келісім бермегенін айтты. Осыдан келіп, S&P 500 индексі қазан айының бас кезіндегі көрсеткішінен өткен жылдың қазан айының көрсеткішінен 5 пайыздан асты.

АҚШ долларының қымбаттап, дамушы елдердің ұлттық валюталарының арзандауына ФРЖ пайыздық мөлшерлемесінің қымбаттауы ғана әсер еткен жоқ. Еуропалық орталық банк ((ECB), ағылшын банк (BOE), Жапония банк (BOJ) және Австралияның резервті банкі (RBA) дәл қазір АҚШ-қа қарсы шыға алмайды, бірақ доллардың қатты күш алып кеткенін қаламайды. Сол себепті олар буферлік саясат танытып отыр. Сарапшылар ФРЖ алған бетінен қайтпаса, дамыған елдердің үнсіздігі ұзаққа созылмайтынын, ФРЖ саясатын қолдап шығатынына сенімді екенін айтады. Бұл фактор дамушы елдерге бағыттылған инвестицияны тежеп, дамушы елдерге берілетін несие пайызын көтеруіне әсер етері сөзсіз. Сарапшылар ФРЖ монетарлы саясатының салқыны тым тереңдеп кетпеуі үшін превентивті шаралар керектігін және оны әрбір ел өзінің мүмкіндігіне үлестіре отырып жүргізу керектігін айтады бастады. Себебі бұл жолғы пайыздық мөлшерлеменің жөні бөлек. Кәсіби сарапшылардың өзі 2019 жылы ФРЖ пайыздық мөлшерлемені үш рет көтереді деген болжамды батылырақ айтып жүр.

Тимур Турлов осы ретте, АҚШ-тың мемлекеттік облигацияларының табыстылығы өсіп жатқанын тілге тиек етіп өтті. АҚШ пен Канада Солтүстікамерикалық еркін сауда айналымы туралы келісімді қайта қаруға келісті. Мұның соңы инвесторлардың дамыған елдердің нарығына басымдық беруіне алып келеді. Бұл жағдай қазақ теңгесі мен экономикасына әсерін тигізеді.

"Түрік лирасы, ресей рублі арзандай бастады. Бұл ерте ме, кеш пе, барлық елдердің валюталарына әсерін тигізеді" – дейді Тимур Турлов.

Сарапшылар АҚШ-тың федералды резервінің пайыздық мөлшерлемені көтеруі мұнай бағасына әсері барын айта бастады. Бірақ әзірше бұдан нәтиже байқалмады. Себебі әлемдік қаржы нарығына қатысушылардың назары қазіргі уақытта Иран мен Венесуэладан жеткізілімдерге байланысты мұнай ұсынысының ықтимал жетіспеушілігіне назар аударды. Бірақ сұраныс пен ұсыныс теңдестірілген кезде, бағаның артуы мұнай бағасына кері әсер ете бастайды, – деп болжайды маман.

Жекелеген мемлекеттерде превентивті шараларды дұрыс және неғұрлым ертерек қабылдаса, ФРЖ-ның зардабы ауыр тимейтінін сарапшылар ескертіп жатыр. Сарапшылар біз тәрізді енді даму жолына түскен елдердің валюталарының арзандауы соңғы нүктесіне жетпегенін айтып жатыр. Біздің көретініміз әлі алда. Себебі ФРЖ осы бағыттан таймаса, АҚШ доллары әлемнің өзге валюталарының алдында өзінің үстемдігін сақтап қалады. Себебі еуроның өзі АҚШ долларының алдында сыр беріп қалды.

Сарапшы Сергей Дроздов АҚШ 2008 жылғы дағдарыс кезінде бірінші болып қаржы нарықтарына тегін өтімділікті жеткізуді бастап, сандық жұмсарту бағдарламасын енгізгенін еске түсіріп өтті. Қазір экономиканың кенеттен "қызып кетуін" болдырмау және биржалық алаңдарда кезекті көпіршіктің туындауына жол бермеу үшін ФРЖ пайыздық мөлшерлемені арттыруды жоспарлы және ұқыпты жүргізіп жатыр. Алдағы уақытта, 2019-2020 жылдан бастап әлемнің алпауыт елдерінің орталық банктері, ФРЖ-ның ызғарынан қорғану үшін өзінің монетарлық саясатын соған қарап бейімдеуі де әбден мүмкін.

"Дамыған елдер таңдап алған монетарлы саясат даму жолына түскен елдер үшін негізгі жағымсыз фактор болып қала береді. Себебі олар ұзақ уақытқа дейін ақша-несие саясатын осы бағытта жүргізе беретін болады. Ал Қазақстанның қаржылық секторы алдағы бірер жылда осы фактордың ықпалында болады", – дейді Сергей Дроздов.

Гүлбаршын Сабаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу